Astana FIRST Qualifier

Astana FIRST Qualifier

2026 жылдың 24–25 қаңтарында Nazarbayev University базасында өткен Astana FIRST Qualifier 2026 робототехника жарысында еліміздің әр өңірінен келген командалар өз білімдері мен инженерлік дағдыларын сынға салды.

🔹 FIRST® LEGO® League Explore (6–10 жас) санаты бойынша 50 команда қатысып, LEGO конструкторлары арқылы қозғалыстағы модельдер құрастырып, қызықты инженерлік тапсырмаларды орындады.

🏆 Осы байқауда мектеп-лицейіміздің ALIKHAN ROBOTICS командасы
👦 Акимжанов Алибек (4 «А»)
👧 Саяхбекова Айзере (3 «В»)
👧 Арманқызы Бағжан (3 «В»)
жоғары нәтиже көрсетіп, JUDGES CHOICE AWARD номинациясына ие болды!

🌟 Бұл жетістік — оқушылардың шығармашылығының, техникалық ойлау қабілетінің және командалық жұмысының айқын дәлелі.

Құттықтаймыз жас робототехниктерді және жетекшілерін! 🚀👏

#AstanaFIRSTQualifier2026 #FIRSTLEGOLeague #ALIKHANROBOTICS #Робототехника #БолашақИнженерлер #STEM