«Әбіш оқулары» байқауы қалалық кезеңі өтті.

«Әбіш оқулары» байқауы қалалық кезеңі өтті.

 «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» байқауы қалалық кезеңі өтті. Байқау 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды:
1) «Иллюстрациялық суреттер» бағыты бойынша І орын иеленген «№12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 8-сынып оқушысы Мырзабекова Биби;
2) «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша І орын иеленген «С.Сейфуллин ат.№7 мектеп-гимназиясы» КММ, 9-сынып оқушысы Тайтөлеуова Саяжан;
3) «Шығармашылық жұмыс» бағыты бойынша І орын иеленген «Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, 11-сынып оқушысы Нұрғазы Гүлжанат;
4) «Сахналық қойылым» бағыты бойынша І орын иеленген «Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, 10-11 сынып оқушылары.
І орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!