«Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер арасында білім беру үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында қалалық семинар-практикум

«Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер арасында білім беру үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында қалалық семинар-практикум

«Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер арасында білім беру үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында қалалық семинар-практикум
09.01.2026ж. күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қысқы мектеп аясында «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер арасында білім беру үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: ЖИ элементтерін енгізе отырып, мектепалды жастағы барлық балалардың, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық, тілдік, әлеуметтік-эмоционалдық, тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. Семинар барысында «Тең мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мектеп психологтары Абдуалиева З.Н. мен Балапанова Б.Е. педагогтармен танысу мақсатында түрлі тренинг-жаттығулар жасатып, жақсы көтеріңкі көңіл-күй орнатты.
Сонымен қатар, «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-нің мектепалды даярлық тобының педагогтары Куанышбекова Э.Х. мен Алгадаева П.Б. «Мектепалды даярлық сыныптарда жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпта мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын жасанды интеллекттің ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдануға тиімді құралдары: Quiver, Suno Ai, Viggle Ai, Gemini Storybook, т.с.с. туралы айтты. Қорытындысында, жасанды интеллектің бес білім беру саласымен байланыстыруға болатыны жөнінде мысал келтірді. «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-нің педагогы Капасова А.А. «Мектепалды сыныптарында инклюзивті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сынып барысында инклюзивті білім берудің теориялық негіздері түсіндіріліп, мектепалды жастағы балалармен жұмыс жүргізуде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетсе, Қалибекова Ж.Б. педагогтармен музыкалық сергіту ,Қаскен П.Е. «Адал азамат – ұлт болашағы» тақырыбында тренинг өткізілді.
Семинар-практикум соңында, білім бөлімінің әдіскері Кожаева Б.К сөз сөйлеп, педагогтер семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұсынылған әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын атап өтті.