
«Балалар кітапханасы - балалық шақтың білім ордасы» атты облыстық мектеп кітапханашыларының тәжірибе алмасу алаңы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Балалар кітапханасы - балалық шақтың білім ордасы» атты облыстық тәжірибе алмасу алаңы 19 желтоқсан күні Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде өткізілді. Іс-шараға Балқаш қаласы білім беру мекемелерінің кітапханашылары «Кітаппен болашаққа» атты көрме-панорама қойды. Көрме-панорама «Кітап оқитын ұлт» жобасын насихаттау тақырыбында жасақталып, тәжірибе алаңында жан-жақты таныстырылды. Облыстық тәжірибе алмасу алаңының аясында кітапхана саласындағы мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, жаңа идеялар, соңғы жаңалықтар мен тенденцияларды талқылау, сонымен қатар мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсаттары алға қойылды.
#oqu_agartu_ministrligi
#birtutas_tarbie2025
#Адал_азамат
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#balkhash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkhash
#umckrg
#ҚОББтәрбие
#кітапоқитынұлтжобасы
#балаларкітапханасыжобасы
#желтоқсанбірлікжәнеынтымақайы