«Жыл мұғалімі – 2025»

«Жыл мұғалімі – 2025»

Бүгін Қарағанды облысының білім беру саласындағы ең айтулы оқиға – «Жыл мұғалімі – 2025» кәсіби байқауы өтті.

Жыл сайынғы бұл сайыс педагог мамандығының мәртебесін көтеруге және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған.

Биылғы байқау ерекше форматта өтіп, "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағдарланған тәсілге негізделді.

Байқауға барлығы 33 педагог қатысып, оның ішінде тоғызы ақтық мәреге шықты. Әріптестеріміз өздерінің үздік кәсіби қасиеттерін, эрудициясы мен шығармашылық талантын толықтай паш етті!

Ұзақ та тартысты сайыстың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:

Бас жүлде: Өнерхан Дәулеткерей (Тарих мұғалімі, Осакаров ауданы, «Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі РО» КММ)
I орын: Мауиянов Медет Мадениетович (Музыка пәні мұғалімі, дефектолог-мұғалім, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ)
II орын: Калиаскарова Асем Максутовна (Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қарағанды қаласы, «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ)
ІII орын: Макажанов Канат Танирбергенович (Химия пәнінің мұғалімі, Балқаш қаласы, «№12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)
• «Үздік сабақ»: Давлатова Асия Эрболовна (Бастауыш сынып мұғалімі, Бұқар жырау ауданы)
* «Үздік сыныптан тыс іс-шара»: Мұрат Айдар Әділұлы (Физика пәні мұғалімі, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ)
* «Үздік үй тапсырмасы»: Сулейменова Гулзада Болатовна (Математика пәні мұғалімі, Саран қаласы, «Абай атындағы ЖББМ» КММ)
* «Көрермендер көзайымы»: Кузнецова Ольга Александровна (Бастауыш сынып мұғалімі, Приозерск қаласы, «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ)

Сонымен қатар, ағартушылыққа үлес қосып жүрген меценаттардың қолдауымен Рамазан Төребеков атындағы гранттың арнайы жүлдесі Адамбаева Жазира Жакуповнаға (Математика пәні мұғалімі, Қарқаралы ауданы) табысталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! Әр қатысушының облыстың білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі зор. Сіздерге шығармашылық табыс, зор денсаулық және биік белестерді бағындыра беруді тілеймін!

Сонымен қатар қатысушыларға арнайы сыйлықтарын ұсынған “Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы” ҚБ төрағасы Ракишева Алмагуль Айтказиевна мен “Білім” кәсіподағының төрағасы Жамбеисова Алия Мараловнаға алғысымызды білдіреміз!