Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІКТАПСЫРЫСТЫ ОРНАЛАСТЫРУТУРАЛЫ

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У     МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІКТАПСЫРЫСТЫ ОРНАЛАСТЫРУТУРАЛЫ

Қарағанды ​​облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – білім бөлімі)  Балқаш қаласында орналасқан 2950 баланы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырудың конкурсын жариялайды.

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады. Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық поштасына электронды форматта жібереді.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының сұранысы бойынша, қажетті құжаттардың тізбесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында белгіленген.

Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің нөмірін және оның техникалық сипаттамаларын көрсетеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 09 желтоқсан сағат 15.00-ден 2025 жылғы 12желтоқсан сағат 15.00-ге дейін. Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5 корпус, № 7 кабинет мекенжайы бойынша ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 16.00-де Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5 корпус, 2 кабинет мекенжайы бойынша қаралады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

8 (71036) 4-69-80