
2025 жылғы 28 қараша күні «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің және Қарағанды облысы Психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Үздік жыл психологы» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты — педагог-психологтарды қолдау, олардың кәсіби құзыреттерін бағалау және тиімді тәжірибелерін тарату.
Қатысушылар келесі кезеңдер бойынша өз кәсіби шеберліктерін көрсетті:
✅бірінші кезең - «Визитка» — 5 минут;
✅екінші кезең - «Авторлық бағдарламаны қорғау» — 7 минут;
✅үшінші кезең - «Авторлық бағдарламаның практикалық бөлімін көрсету» — 5 минут;
✅төртінші кезең - «Эрудиция байқауы «Қара жәшік» — 5 минут.
Байқауды тәжірибелі мамандардан құралған 5 адамдық қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасының төрағасы — Қарағанды облысы Психологиялық қолдау орталығының тәжірибелі маманы Икенова Ш.Т.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
орта білім беру ұйымдары арасында I орынды — Шалғынбай Жұлдызай Қамбарқызы, «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей» КММ педагог-психологы иеленсе, мектепке дейінгі ұйымдар арасында I орынды — Машурбекова Бахыт Валопановна, «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК педагог-психологы иеленді.
Қорытындылай келе, білім бөлімінің әдіскері Жунусова М.О. байқауды кәсіби түрде ұйымдастыруға және сапалы өткізуді қамтамасыз еткен шығармашылық топқа алғыс хаттарды тапсырды. Қатысушыларға байқауға белсенді қатысып, жоғары кәсіби біліктілік деңгейлерін көрсеткені үшін алғыс білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!