
05.12 күні Балқаш қаласының №12 мектебінде Қарағанды қаласындағы “Мұрагер” мектеп-лицейінің JelToqSan командасы FIRST халықаралық бағдарламасы аясында танымдық семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға:
🔹 FIRST бағдарламасының құрылымы мен негізгі бағыттары таныстырылды;
🔹 робототехника сайыстарының кезеңдері, талаптары және дайындық тәртібі түсіндірілді;
🔹 командалық жұмыс пен жобалық қызметке арналған тәжірибелік әдістер ұсынылды.
Іс-шараға Балқаш қаласының мектептерінен 20 мұғалім және 50 оқушы қатысып, робототехника саласындағы өзекті ақпарат алып, тәжірибе алмасты. Семинар қатысушыларға кәсіби даму мен шығармашылық идеяларға жол ашып, алдағы робототехника жобаларына зор шабыт сыйлады.
JelToqSan командасының жетекшілері:
* Шәкәрім Жанәділ – ментор
* Сыздық Ардақ – шет тілдері бойынша директор орынбасары
* Бахытов Айдар 11-сынып оқушысы
* Амантай Шахнияз 8-сынып оқушысы
Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен мұғалімдер үшін пайдалы әрі мотивациялық шара болды
#келешекмектептері
#firstrobotics
#STEM
#информатика
#FLL #FTC
#Robotics
#FIRSTcommunity