
2025 жылғы 11 қараша күні "Алихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі" базасында Балқаш қаласы білім бөлімінің басшысы Дубирбекова К.Ш. инклюзивті білім беру мәселелері бойынша 2025 жылғы 7 қарашада Білім басқармасында өткен алқа отырысының қорытындысы негізінде кеңейтілген отырыс өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1) Балқаш қаласының білім беру ұйымдарының Балқаш қаласындағы инклюзивті білім беру жүйесі туралы;
Баяндамашы: Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері Жунусова М.О.
2) Облыстық инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының 2025-2026 оқу жылына арналған қызметін ұйымдастыру;
Баяндамашы: Қарағанды облысы білім басқармасының «№10 арнайы мектеп-интернаты.КММ директорының міндетін атқарушы Садвокасова О.К.
3) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды анықтау жөніндегі білім беру ұйымдары мен ПМПК бірлескен қызметі;
Баяндамашы:»Қарағанды облыстық №4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ директоры Конкаков М.Д.
4) Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті туралы;
Баяндамашы:Қарағанды облысы білім басқармасының «№7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ директоры Жунусова М.М.
5) Инклюзивті білім беру жөніндегі алғашқы әлемдік конгресс туралы;
Баяндамашы:Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Шафикова К.В.