Меню

Страницы

Статья

Педагогтің жасыл компасы: балабақшадағы экологиялық ойлаудың негіздері

2026 ж. 14.03. Құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес Балқаш қ., «Алпамыс» балабақшасында «Педагогтің жасыл компасы: балабақшадағы экологиялық ойлаудың негіздері» тақырыбында консультация, шеберлік сабақтар өтті.

Консультация, шеберлік сабақтар барысында педагогтер мектепке дейінгі жастағы балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын талқылады. Тәрбиеленушілердің табиғатқа ұқыпты қарауын дамытуға, экологиялық сананы және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тиімді әдістер мен тәсілдер қарастырылды.

Қатысушылар табиғатты бақылау, экологиялық ойындар, шағын жобалар, зерттеу әрекеттері және топтарда экологиялық бұрыштарды ұйымдастыру сияқты жұмыстың практикалық түрлерімен танысты. Сонымен қатар педагогтің экологиялық құндылықтарды насихаттаушы және балаларға үлгі болар тұлға ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Консультация соңында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіне экологиялық тәжірибелерді енгізу бойынша идеяларымен бөлісті және мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиені жүйелі түрде жүргізудің өзектілігін атап өтті.

Дата публикации
16 марта 2026
Дата обновления
18 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 марта 2026
«Наурыз Думан»
Ақпарат
18 марта 2026
Балқашта Ашық есік күні өтті! ✨
Ақпарат
16 марта 2026
Педагогтің жасыл компасы: балабақшадағы экологиялық ойлаудың негіздері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы