Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ бойынша 2024 жылға бюджеті

Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ бойынша 2024 жылға бюджеті

Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 

2024 жылға Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ бойынша қаржыландыру жоспары 12 бағдарлама бойынша – 11 763 485,0 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 256 300,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 11 507 185,0 мың теңге, келесі бағдарламалар бойынша:

 

261 001 «Білім беру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 62 369,0 мың теңге. Бағдарлама бойынша шығыстар көзделген:

- жалақыны, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік және басқа да салықтарды төлеуге – 34 406,0 мың теңге;

- коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеуге – 14 667,0 мың теңге;

- отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 460,0 мың теңге;

- ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 1 785,0 мың теңге;

- басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 11 049,0 мың теңге;

- басқа қорларды сатып алу және басқа шығыстарды төлеуге – 2,0 мың теңге.

 

261 007 «Аудандық (қалалық ауқымдағы) мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс - шараларды және байқауларды өткізу» - 2 070,0 мың теңге. Шығыстар қалалық және облыстық ауқымдағы олимпиадаларға қатысушыларды марапаттау үшін сыйлықтар сатып алуға қарастырылған.

 

261 029 «Білім беру жүйесін әдістемелік және қаржылық сүйемелдеу» - 64 050,0 мың теңге. Бағдарлама бойынша шығыстар білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен бухгалтериясын ұстауға көзделген:

- жалақыны, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік және басқа да салықтарды төлеуге – 53 672,0 мың теңге;

- байланыс қызметтеріне ақы төлеуге – 247,0 мың теңге;

-ел ішіндегі іссапар және қызметтік шығыстарға – 3 731,0 мың теңге;

- басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға – 6 400,0 мың теңге.

261 055 «Балаларға қосымша білім беру» - 661 975,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 449,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 661 526,0 мың теңге.  Осы бағдарламаны іске асыру үшін қалада 2 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 1 - өнер мектебі, 1 - Оқушылар сарайы. (3635 орын). Бағдарлама бойынша шығыстар көзделген:

- жалақыны, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік және басқа да салықтарды төлеуге – 488 863,0 мың теңге;

- коммуналдық қызметтер – 38 565,0 мың теңге;

- дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға- 1 320 мың теңге;

- байланыс қызметтеріне – 4 220,0 мың теңге;

- басқа тауарлар сатып алуға, басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 121 707,0 мың теңге;

- көлік қызметтерін төлеуге – 4 800,0 мың теңге;

- ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 2 500,0 мың теңге.

 

​261 067 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» - 250 000,0 мың теңге.  Шығыстар Абай көшесі 45 ғимаратын күрделі жөндеу (шатыр, жылу, электр, су, жалпы құрылыс жөндеу)

 

261 081 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» - 132 609,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 10 322,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 122 287,0 мың теңге.  Осы бағдарламаны іске асыру үшін қалада 3 шағын орталықтар жұмыс істейді. Бағдарлама бойынша шығыстар көзделген:

- жалақыны, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік және басқа да салықтарды төлеуге – 129 821,0 мың теңге;

-дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу – 100,0 мың теңге;

- басқа тауарлар сатып алуға- 2 688,0 мың теңге.

 

​261 082 «Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру» - 2 811 452,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 3 384,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 2 808 068,0 мың теңге.   Бағдарлама бойынша шығыстар 15 жалпы білім беретін мектепті және 2 мектеп- интернатты қаржыландыруға көзделген:

- жалақыны, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік және басқа да салықтарды төлеуге – 1 461 259,0 мың теңге;

- коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеуге – 422 322,0 мың теңге;

- жалпыға бірдей білім беру қоры – 82 667,0 мың теңге;

- Азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу – 102 608,0 мың теңге;

- дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 4 127,0 мың теңге;

- басқа шығыстарды сатып алу және төлеу – 712 700,0 мың теңге;

- ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар – 25 769,0 мың теңге.

 

261087 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп - бағуға қамқоршыларға (қамқоршыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлеу» - 31 899,0 мың теңге шығыстар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу арқылы қорғаншыларды (қамқоршыларды) мемлекеттік қолдауға көзделген. Алушылардың болжамды орташа жылдық саны – 87 адам.

 

​261 202 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» - 2 120 296,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 242 145,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 1 878 151,0 мың теңге. 16 мектепке дейінгі ұйымды қаржыландыру (14 мемлекеттік - 2825 орынға, 2 жекеменшік балабақша - 430 орынға).

Шығындар қарастырылған:

- жалақыны, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік және басқа да салықтарды төлеуге - 1 610 105,0 мың теңге;

- коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – 162 101,0 мың теңге;

- азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу – 4 598,0 мың теңге;

- байланыс қызметтеріне – 12 100,0 мың теңге;

- басқа шығыстарды сатып алу және төлеуге – 331 392,0 мың теңге;

 

261 203 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру» - 5 577 262,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 15 жалпы білім беретін мектепті қаржыландыру. Шығындар қарастырылған:

- жалақыны, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік және басқа да салықтарды төлеуге – 5 136 987,0 мың теңге;

- басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 433 058,0 мың теңге;

- байланыс қызметтеріне ақы төлеу, ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу – 7 217,0 мың теңге.

 

261 084 «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде күндізгі оқу нысанындағы білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау» - 9 408,0 мың теңге. Шығыстар 15 жасқа дейінгі және 15 жастан асқан жақын маңдағы елді мекендерде тұратын (әр аптаның демалыс және демалыс күндерін қоспағанда) ЕББҚЕ балалар үшін Балқаш өңірінің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына тегін жол жүру билеттерін сатып алуға көзделген. Жеңілдікті жол жүруге мұқтаж балалардың болжамды саны – 615 адам.

 

261 092 «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау» - 40 095,0 мың теңге. Шығыстар патронат тәрбиешілерге ай сайынғы қаражатты төлеуге қарастырылған. (патронат тәрбиешілердің болжамды саны – 14 адам), сондай-ақ баланы асырауға ақшалай қаражат төлеу. (балалардың болжамды жылдық орташа саны-31 адам).

 

Дата публикации
26 февраля 2024
Дата обновления
26 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 марта 2026
«Наурыз Думан»
Ақпарат
18 марта 2026
Балқашта Ашық есік күні өтті! ✨
Ақпарат
16 марта 2026
Педагогтің жасыл компасы: балабақшадағы экологиялық ойлаудың негіздері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы