М.Ержанов атындағы жалпы білім беретін мектебі бойынша ыстық тамақпен қамту мақсатында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бастауыш оқушыларын және әлеуметтік осал топ балаларын ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған. Мектебімізде ыстық тамақпен қамтылған барлық бала саны- 34. Оның 27-сі бастауыш сынып оқушылары болса, 5-11 сыныпта -7 оқушы тамақтанады. Оқу жылының басында ата-аналар қоғамы мен мектеп әкімшілігі қатарынан бракераждық комиссия құрылды. Мониторинг комиссиясы, бракераж комиссиясы айына 2 рет рейд жүргізіп акттар жасақталады. Комиссия мүшелері дайын және шикі өнімнің сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізіп отырады. Асханада санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталған. Асханадағы оқушылардың тамақтану ережелерінің және уақытылы тамақтануларының қатаң сақталуын жауапкершілікпен қадағалау мақсатында сынып жетекшілері мен мұғалімдердің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Кезекшілер оқушылардың уақытында тамаққа баруын және дұрысты тамақтануын қадағалап отырады.
Мектеп асханасы 1 қабатта орналасқан. Оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру перспективалық мәзірге (қыс-көктем, жаз-күз) сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық мәзірге сәйкес күнделікті мәзір құрылып, мектеп директорымен бекітіледі.
Оқушыларға берілетін тамаққа күнделікті бақылауды әлеуметтік педагог пен медбике жүргізеді және мектеп медбикесі К.Куатбекова нәтижесін журналдарға енгізіп отырады.