Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 6 – бабына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген мектеп асханалары қызметінің тәртібіне қойылатын талаптарына сәйкес 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап ыстық тамақпен 1-4 сыныптың барлық оқушылары және 5-11 сыныптағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы желтоқсан күнгі № 949 (25.01.2008 жылғы № 64) қаулысымен бекітілген тегін тамақтану құқығына ие жеке санаттағы оқушылар бір мезгіл тегін тамақпен қамтылуда. Асханадағы тамақтануды ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген мектеп асханалары қызметінің тәртібіне қойылатын талаптар қатаң сақталуда.
Мектебімізде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераждық комиссия) кезекті тексерісі өтті. Комиссия асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын , тамақ дайындау сапасын, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауына бақылау жасалды.Мектеп асханасының санитарлық тазалығын және бекітілген заң талаптардың орындалуын және эпидемиологиялық жағдайға байланысты бақылау мақсатында тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында асханада антисептик, ара –қашықтық сақтау белгілері қойылған. Апталық ас мәзірі жасалып бекітілген, әкелінген азық- түліктер талапқа сай сертификаты бар. Тіркеу журналдары толтырылған. Бір күндік тамақ сынамасы алынған.Оқушылардың тамақ ішу кестесі ілінген. Тамақ ішу кезіндегі оқушылардың тәртібі туралы ауызша түсініктеме жүргізілген. Ас дайындайтын , ас ішетін бөлмелер және қоймада тұруға тиісті азық-түліктер қалыпты жағдайда сақтаулы тұр. Ас дайындайтын пеш және нан пісіру пеші жұмыс жасап тұр. Ыдыс аяқтар талапқа сай жуылған. Жууға арналған сұйықтықтар мерзімі жарамды. Ас ішуге ыдыс аяқ түрлері жеткілікті.Асхана бөлмелерінің электр жарығы қалыпты. Аспазшы Р.Мухтарова медициналық тексеруден өткен. Мектеп әкімшілігі тарапынан асхана қызметкеріне асхананың және жеке бас гигиенасы , санитарлық тазалық сақтау туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.