Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің деңгейін көтеру маңыздылығы жалпы әлемдік тенденцияларға жатады. Мектепке дейінгі ұйымдар -19; оның ішінде мемлекеттік балабақшалар -4,шағын орталықтар -15 (5 толық күнмен жұмыс жасайды); Оқыту тілі қазақ тілінде жүргізіледі.
Мектепке дейінші ұйымдардағы барлық тәрбиеленушілер -554, оның ішінде -балабақшаларда -348;- шағын орталықтарда -206;
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту;
-1-6 жас аралығында -80%;
- 3-6 жас аралығында – 100%
Санитарлық эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ақтоғай ауданы бойынша 3 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 15 кезекші топта 220 бала тәрбиеленуде.
Кезекші топтардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ата-аналардың өтініштері негізінде жүзеге асырылуда.
Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың 2020-2025 жылдарға арналған қадамдық жоспарына сәйкес 2021 жылы Сарышаған кентінен 100 орынды 2 топқа арналған балабақша ашу үшін 14млн 570 мың т ғимараттың ағымдағы жөндеуі және қайта жаңарту жұмыстарына жұмсалды. Керекті құрал жабдықтары, шаруашылық және жихаздарын алу үшін 8млн186 мың т жұмсалды. 50 балаға арналған 2 топ ашылады. Ақтоғай селосындағы «Аққыз» бөбекжай-балабақшасына 1 топты жөндеу және керекті құрал-жабдықтар алу үшін 71млн 379 мың т қаржы қаралып 20 балаға арналған қосымша 1 топ ашылып жұмыс жасауда.
Мектепке дейінгі мекемелер үшін автоматтандырылған INDIGO сервисі жүйеге қосылды. INDIGO - мектепке дейінгі білім беру жүйесін кешенді автоматтандыру порталы. Барлық мектепке дейінгі ұйымдардың бірыңғай тізілімі, балаларды қабылдау бойынша электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, түзеу мектепке дейінгі ұйымдарына кезектер, барлық деректердің барынша ашықтығы, балалардың электрондық жеке іс-құжаттары және қолма-қолсыз төлемдер балабақшалар мен шағын орталықтар үшін жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында - 61педагог бар. Оның ішінде жоғары білімді -19, мектепке дейінгі білімі бар жоғары білімді - 7,арнаулы орта білімді- 42, оның ішінде мектепке дейінгі арнаулы орта білімді-39педагог қызмет жасайды. Мектепке дейінгі білімі бар педагогтардың үлесі 75% құрайды. Арнайы кәсіптік білімі бар кадрларға қажеттілік – жоқ.