Ақтоғай ауданы білім бөлімі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
2020 жылы барлығы 2258 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Аталған жылы мерзімі өткен мемлекеттік қызмет тіркелген жоқ. ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және ҚР өзге де заңнамасының сақталуы бойынша 2020 жылы 11 білім беру ұйымына ішкі бақылау жүргізілді.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 34 түрі бар.
Оның ішінде, Ақтоғай ауданының білім саласында барлығы 22 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.Бөлім бойынша – 13, мектептерде – 7 және бөлім де білім беру ұйымдары да көрсететін мемлекеттік қызмет–2. Бүгінгі күні, оның 11-і толық автоматтандырылған, қалған 11-і қағаз түрінде көрсетіліп отыр.
Алдағы мақсат барлық мемлекеттік қызметтерді автоматтандырып, электронды түрде көрсету.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толық автоматтандыру Миндаль, Білімал, Индиго ақпараттық жүйелері арқылы іске асырылады.
Миндаль – қосымша білім беру саласының мемлекеттік қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе. «Өнер» мектебі мен «Қосымша білім беру орталығы» 450 мың теңге көлемінде келісім шартқа отырды. Алдағы уақытта қосымша білім беру ұйымына балаларды қабылдауды электронды түрде жүргізетін болады.
Индиго – мектепке дейінгі мекемеге қабылдау және кезекке қою көрсетілетін мемлекеттік қызметті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе. Аталған жүйемен 2 135 590 теңгеге келісім шартқа отырып, мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіліп отыр.
Білімал – жалпы орта білім беру және оқытушылардың қызмет саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.
|
№ |
Мемлекеттік қызмет атауы |
Мемлекеттік қызметті көрсететін мекеме |
Мемлекеттік қызметті көрсететін интернет ресурс түрі |
Қызмет көрсету нысаны |
2020 жылы көрсетілген қызмет саны |
|
1 |
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою |
Білім бөлімі |
ИНДИГО |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
143 |
|
2 |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау |
Білім беру ұйымы |
ИНДИГО |
Электронды/қағаз түрінде |
180 |
|
3 |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау |
Білім беру ұйымы |
Білімал |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
622 |
|
4 |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау |
Білім беру ұйымы |
Білімал |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
7 |
|
5 |
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау |
Білім беру ұйымы |
Миндаль |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
148 |
|
6 |
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну |
Білім бөлімі |
Білімал |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
987 |
|
7 |
Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру |
Білім беру ұйымы |
Білімал |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
|
|
8 |
Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау |
Білім беру ұйымы |
Білімал |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
38 |
|
9 |
Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру |
Білім беру ұйымы |
Білімал |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
16 |
|
10 |
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау |
Білім бөлімі |
Білімал |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
4 |
|
11 |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау |
Білім бөлімі, Білім беру ұйымы |
Білімал |
Электронды/ қағаз түрінде/ |
99 |
|
12 |
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру |
Білім бөлімі |
АРМ ГУ |
Электронды |
1 |
|
13 |
Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу |
Білім бөлімі |
АРМ ГУ |
Электронды |
1 |
|
14 |
Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру |
Білім бөлімі |
АРМ ГУ |
Электронды |
8 |
|
15 |
Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру |
Білім бөлімі |
ЦОН, Кеңсе |
Қағаз түрінде |
|
|
16 |
Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру |
Білім бөлімі |
Кеңсе |
Қағаз түрінде |
1 |
|
17 |
Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау |
Білім бөлімі |
АРМ ГУ |
Электронды |
|
|
18 |
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау |
Білім бөлімі |
АРМ ГУ |
Электронды |
1 |
|
19 |
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою |
Білім бөлімі |
АРМ ГУ |
Электронды |
2 |
|
20 |
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау |
Білім бөлімі |
АРМ ГУ |
Электронды |
|
|
21 |
Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау |
Білім бөлімі |
АРМ ГУ |
Электронды |
|
|
22 |
Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру |
Білім бөлімі, Білім беру ұйымы |
Кеңсе |
Қағаз түрінде |
|