Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес:
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру интернет-ресурс бетінде жарияланғаннан кейін 15 жұмыс күні өткен соң комиссия белгілейді.
Конкурс өткізу орны: Ақтоғай ауданы, К.Байсейітова көшесі, 12 үй
Біліктілік талаптары: 1) жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, тиісті бейіні бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы тиіс.
Лауазымдық міндеттері: Аудан барлық үлгідегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты жүзеге асырады;
ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеуді, білім беру үдерісінің нәтижелілігін талдау мен бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды қамтамасыз етеді;
педагогикалық кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді;
ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге, педагог кадрларды диагностикалауға, болжауға және даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жоспарлауға қатысады;
қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруда ұйым педагогтеріне көмек көрсетеді;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
білім беру процесіне арналған оқу-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
ұйымдардың эксперименттік жұмысының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
педагогтердің инновациялық, нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға қызметтің тиісті бағыттары бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
педагог қызметінің тиісті бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
балаларға қосымша білім беру мәселелері бойынша отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
конкурстарды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
қосымша білім беру бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысады;
білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің қызметіне, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді орындайды;
білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
әдістемелік қосымшалар жиынтықтары бар әртүрлі типтегі және түрдегі оқу-әдістемелік өнімді әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды;
балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімді шығаруға дайындықты жүзеге асырады;
өз қызметінің тиісті бағыттары бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысады;
инновациялық тәжірибені зерттейді және таратады;
конкурстарды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарынан республикалық конкурстарға ұсынылатын бағдарламалық-әдістемелік өнімнің бейінді (бағыттар бойынша) сараптамасын сараптамалық қызметті ұйымдастырады;
өтінімдер бойынша сараптаманы жүзеге асырады (білім беру ұйымдарынан, жеке тұлғалардан);
консалтингтік қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді;
ұйымдардың педагог қызметкерлеріне балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын айқындауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсетеді;
қосымша (бейресми) білім беру саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары, озық отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
педагогикалық жетістіктерді насихаттайды (шеберлік сыныптарын, педагогикалық шеберханаларды, шығармашылық семинарларды ұйымдастыру арқылы);
балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды ұсынады;
педагогикалық этиканың нормаларын;
мемлекеттік, салалық және өңірлік нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттарды;
педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Лауазымдық жалақысы: Жұмыс өтіліне сай 150000 теңгеден 200000 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынуға құқылы.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 100200, Қарағанды
облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, К.Байсейітова көшесі 12 үй.