Положение государственного учреждения "Отдел образования Актогайского района"

1.Ақтоғай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік  мекемесі (одан әрі  мекеме) аудан аумағындағы  мектепке дейінгі, мектептен тыс, жалпы орта  білім беру  жүйесіндегі  атқарушы үкіметтің  жергілікті және  білім беру  мекемелерінің  басқару органы болып табылады.
2. Мекеме өз  қызметін  аудан  әкімінің  және облыстық  білім басқармасының  басшылығымен  жүзеге асырады. Құрылтайшысы –Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты.
3. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Білім туралы»  Заңын,  Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары  мен Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларын,  білім  беру ұйымдарын  басқару органдарының,  облыс,  аудан  әкімінің  шешімдері  мен өкімдерін  және осы ережені  басшылыққа алады. 
4. Мекеме аудан  аймағындағы  білім саласында  мемлекеттік  саясатты   жүзеге асырып, білім  беру мекемелерінің  қызметін үйлестіреді.
5. Мекеме аудандағы, облыстағы  және республикадағы  мүдделі мемлекеттік  және жекеменшік,  қоғамдық мекеме  ұйымдарымен  ынтымақтастық  қызмет атқарады.

Дата публикации