
Тлегенова Эльмира Зарубаевна1989 жылы 23 мамыр айында Қарағанды облсы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінде дүниеге келген. 1996-2005 жылдары Қарағайлы кентіндегі №17 қазақ орта мектебін «үздік» куәлікке аяқтаған. 2005-2009 жылдары Қарағанды облысы, Саран қаласындағы А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде «информатика» пәні мұғалімі мамандығын «үздік» дипломмен аяқтап, 2009-2012 жылдары Ә.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да «информатика» пәнібойынша жоғарғы мамандықты аяқтаған.
2009-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Осакаровка ауданының Уызбай ауылындағы мектепте «информатика, математика» пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған. 2012-2016жылдары Қарағанды облысы, Саран қаласындағы А.Құнанбаев атындағы Саран гуманаитарлы-техникалық колледжінде «информатика» пәні бойынша сабақ берген. 2016-2017 жылдары Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында «Ақтоғай ауданыныі білім бөлімі» ММ-де әдіскер лауазымы бойынша жұмыс жасапа, 2017 жылдың қазан айынан бастап «Ақтоғай ауданыныі білім бөлімі» ММ-де бас маман болып жұмыс атқаруда.