Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Қуаныш» мектеп-бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Наурыз мейрамын атап өту бойынша ақпарат

Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Қуаныш» мектеп-бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Наурыз мейрамын атап өту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

14 наурыз – Амал мерекесі немесе «Көрісу күні». Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. Осыған орай кешен оқушылар көрісу челленджін өткізді. Көпұлтты мемлекетімізді мекен еткен қазақстандықтар «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Жаңа жыл құтты болсын!» деген секілді сөздер арқылы жаңа жылдың келуімен құттықтап, арқа-жарқа болды. Балалар шаттық шеңберінде бас қосып, бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күнді насихаттады.

Балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында «Наурыз-бейбітшілік пен жаңару мерекесі» тақырбында кітапханады тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушыларға қазақтың ауыз және жазба әдебиетінің үлгілері көрсетілді. Наурыз мейрамы туралы қызықты ақпараттар берілді. Зияткерлік сайыс барысында оқушылар қазақ ауыз әдебиетінің жұмбақтар, мақал - мәтелдер және нақыл сөздері туралы білімдерін ортаға салды, түрлі қиындықтағы жұмбақтардың шешеуін тауып, мақал-мәтелдерді жалғастырып, нақыл сөздердің мағынасын ашты, салт – дәстүрлер туралы білімдерін толықтырды.

Наурыз мейрамын атап өту аясында «Ұлттық ойындар» жарысы өткізілді. Салауатты өмір салтын қолдайтын оқушыларымыз екі топқа бөлініп, қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнады және жақсы спортық дағдыларын көрсете алды. Балалар жарысқа үлкен қызығушылықпен қатыса отырып, жеңіске деген керемет ұмтылыстарын байқатты. Жарыс нағыз спорт, денсаулық және салауатты өмір салты мерекесіне айналды. Оқушылар сондай-ақ қазақ халқының ұлттық ойыны – тоғызқұмалақты да ойнап, өз шеберліктері мен тапқырлықтарын да танытты.

Өзінің мыңжылдық тарихында Наурыз мейрамы табиғаттың және қоғамның қайта түлеуі мен жаңаруының, адамзат баласының рухани тазаруы мен өзін-өзі дамытуының нышанына айналды. Осы шуақты да қастерлі мереке амандықты, бірлікті, бауырластық пен өзара қолдауды танытып, біздің елдерімізді біріктіретін барлық мәдени-тарихи құндылықтарды дәріптейді. Оқушылардың Наурыз мейрамы мен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын мақсатында  «Ұлттық мұра-асыл қазына» тақырыбында қолөнер бұйымдарының және сурет сайысы өткізілді. 

 -4 сынып оқушыларының қатысуымен «Буын биі. Қара жорға биін билеу» челленджі өткізілді.  Ұлттық музыкалық аспап домбыраны және қазақтың күй өнерін насихаттау мақсатында «Адай», «Сарыарқа» күйлерін тыңдау шарасы ұйымдастырылды.

«Наурыз-көктем» жәрмеңке-ойыны өткізілді. Ойын барысында оқушылар «Қазақтың ұлттық тағамдары» мен «Наурыз көже» тақырыбындағы постер безендірді. Ұлттық тағамдар туралы білімдерімен бөлісіп, тақырыпты талқылады. Әр ұлттық тағамның құрамын, пайдасын аша отырып, оны насихаттады.

«