
Үлгілі отбасының тәжірибесін тарату арқылы отбасының беделін арттыру мақсатында 2024 жылдың ақпан айының 27 күні Қарағанды облысы Абай ауданы Топар ЖББ мектебінде«Әке жолы – ізгі жол» Әкелер айлығы жоспары бойынша «Тәрбие көзі-салт-дәстүр» тақырыбында
ұмытыла бастаған ежелгі қазақ салт-дәстүрлерінен фестиваль ұйымдастырылып өткізілді. 5-8 сыныптар атынан аталмыш фестивальға қатысқан әкелер, ұмытыла бастаған ежелгі қазақ салт-дәстүрлерді көпшілікке таныстырып,сахналық қойылым арқылы насихаттап көрсетті.Фестивальға қатысқан әкелерге мектеп әкімшілігі атынан рахмет айтылып.грамоталармен сыйлықтар табысталды.