
2024 жылдың ақпан айының 27 күні Қарағанды облысы ,Абай ауданы Топар ЖББ мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұлағат» әкелер мектебі, «Қаһарман» ұлдар клубы жобаларының жұмысы бойынша «Әке жолы – ізгі жол» Әкелер айлығы жоспары бойынша «Әке тірек-бала жүрек» атты әке мен бала арасында жасаған қолөнер бұйымдарының қолөнер көрмесі өтті.
Қолөнер көрмесін өткізудегі мақсат.«Әке-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын дамытуды көздеді.
Қолөнер көрмесіне 1-4 сыныптарда оқитын ер балалар әкелерімен қатысып,бірігіп жасаған қолөнер бұйымдарын ортаға ұсынды.