Хабарландыру
Қарағанды облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" ММ Абай ауданында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсім өткізілетіні туралы хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық форматтағы электрондық поштасына жібереді.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда
көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.
Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР Оқу ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қағидаларында айқындалған.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мына мекенжай бойынша ұсынылады: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 43, кеңсе 2023 жылғы 19 желтоқсаннан сағат «16» бастап 2023 жылғы 22 желтоқсанға дейін сағат «16» дейін (қоса алғанда).
Конкурсқа қатысуға құжаттар 2023 жылғы 26 желтоқсан күні сағат «10.30» Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 43 мекенжайы бойынша қаралады.
Қосымша ақпаратты 8(72131)44402 телефоны арқылы алуға болады.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қағидаларындағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған
бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың
бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа
дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы
медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің
белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).