2023 жылдың 8 желтоқсаны күні «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ҒПО ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 3- 11 сынып оқушылары арасында ІІ облыстық «Бүркіт оқуларының» облыстық кезеңі өтті.

Топар жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыруда басты құндылықтардың бірі болып саналатын «Ұлттық мүдде»құндылық бағыты негізінде «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында құндылыққа негізделген тәрбие мен білім жүзеге асырылуда.
2023 жылдың 8 желтоқсаны күні «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ҒПО ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 3- 11 сынып оқушылары арасында ІІ облыстық «Бүркіт оқуларының» облыстық кезеңі өтті.
Аталған байқауға Абай ауданының білім бөлімінің №1-16/1050 хатын негізге ала отырып Топар жалпы білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы Абдуканер Әбдібірлік қатысып бақ сынасты.
Байқаудық мақсаты Бүркіт Ысқақұлының шығармашылығын облыс көлемінде насихаттау,мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабылет,эстетикалық талғам,таланттарын анықтау,жерлес ақынымыздың асыл мұрасын насихаттау болды.
3-4 сынып оқушыларына арналған «Өнерпаз болсаң» тақырыбында өткен байқау кезеңіне қатысқан Абдуканер Әбдібірлік Бүркіт Ысқақұлының шығармашылығынан «Прокурор» шығармасын мәнерлеп жатқа оқып, шығарма бойынша инсценировка жасалды.
«Өнерпаз болсаң» тақырыбында өткен байқау кезеңіне қатысқан 14 оқушының ішінен оза шауып Абдуканер Әбдібірлік 1 орын иеленді.
Жетекшісі Искакова Динара Жаналыевна.
Мектебімізде Бүркіт Ысқақұлының шығармашылығын насихаттау дәстүрлі түрде одан әрі жалғасын табады.