"Мерейлі отбасы"

"Мерейлі отбасы"

Ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелік мұрамызға үңіліп қарайтын болсақ, халқымыздың әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету ұлттық дәстүрге айналғанын байқаймыз. Бүгінгі таңда осы дәстүрді бұзбау және оны қастерлеп бойға сіңіру әрбір жас тұлғаның парызы болып табылады. "Қаһарман ұлдар" клубы жоспары бойынша "Қуатты елдің ұлттық болмысы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кеш қонағы ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткер белгісінің иегері Бекейн Абай мұғалімді қонаққа шақырып, өзінің тағылымы мол белестерден өтіп, жетістікке жеткендігі туралы ой шертіп, кешіміздің сәнін келтірді.
Ардагер ұстазымыз өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге қойылатын мақсаттардың бірі сыпайы, мәдениетті, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін қоғамның белді тұлғасын қалыптастыру екені туралы оқушылармен ой бөлісті. Дөңгелек үстелде мектебіміздің ардагер ұстазына оқушылардың өздері дайындаған сұрақтарын қойып, ғибратқа толы әңгімесінен байқады. Тағылымы мол өмірдің белесін бағындыру тек өздеріңе байланысты екеніне ақыл-кеңестер қосты.
Отбасы ар-намыс пен қуаныштың, тілек пен үміттің ұясы десек, осы орайда «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, жеңімпаз иегері болған Абай Бекейн
отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi.