
Үстіміздегі жылдың қараша айының оны күні мектебіміздегі медицинаға қадам «Медициналық сынып» оқушыларының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы оқушылармен медицинаға жаңадан еніп жатқан мамандықтар жайында ойталқы жасап және ол мамандықтардың қолданысқа қалай ие болатыны жайлы сөз қозғалды.
Қазір елімізде дәрігерлерге қатысты шамамен төрт мыңнан аса штат бос тұр. Себебі, елде бұл салада маман тапшылығы бар. Ең бірінші көзге түсетін кедергі – ол оқу ақысы. Медициналық бағытта білім алып, елге қызмет етуді қалайтын оқушылар саны мектебімізде де аз емес. Оқушыларымызды отырыс барысында олардың медицинаға деген құштарлығын арттырып, жігерлендіру мақсатында «Медициналық сынып» қатарына енгендері үшін арнайы төсбелгілермен марапаттадық.