Қараша айының оныншы жұлдызында Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 6505 әскери бөлімі 3 атқыштар батальонымен республикалық әскери-патриоттық “Жас Бүркіт” сыныбы жобасының аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Алғашқы әскери пәні мұғалімі Оразбаев Серғалы мен педагог-кәсіби бағдар беруші Әбдіқадыр Мағжан Қарабас кентінде орналасқан батальонға барып, екі тараптың арасындағы алдағы жылда жүргізілетін ынтымақтасқан жұмыстарды кеңінен талқылап батальон командирі Бакытсеит Куланбаевпен кездесіп келді. “Жас Бүркіт” әскери-патриоттық сыныбы мектеп қабырғасында өз жұмысын бастады.