. Байқаудың мақсаты 2-4 сынып оқушыларының каллиграфиялық дағдыларын, зейінді, әдемі жазуға, ұсақ моториканы дамыту деңгейлерін арттыру. Байқауға аудан мектептерінен - 72 оқушы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша білім алушыларға I, II, III жүлделі орындар анықталды. Бүгінгі күннің сауатты, білімді тұлғасы, "Жаңа Қазақстанның" болашағы екені сөзсіз.