Акцияның мақсаты:
- балалар мен жасөспірімдерде жыныстық қатынас саласындағы моральдық нормалар мен көзқарастардың мәнін дұрыс түсінуді және оларды әрекеттің барлық саласында басшылыққа алу қажеттілігін;
- адамның басқа жыныспен қарым-қатынасында болатын қоғамдық қызығушылықты түсінуін;
- осы қатынастар саласында туындайтын нақты моральдық мәселелердің дұрыс шешімін таба білуін;
- жас ұрпаққа жыныстық азғындықты, басқа жынысқа тұтынушылық қатынасты, моральдық құндылықтарды елемеуден бас тартуын қалыптастыру.
Акцияның міндеттері:
- жасөспірімде әр әрекет үшін әлеуметтік жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
- болашақта өз балаларын тәрбиелеуге саналы түрде қарауға, мықты, дені сау, тату отбасына ие болуға деген ұмтылысты ынталандыру;
- жасөспірімдерде жолдастарына, сыныптастарына құрмет сезімін тәрбиелеу; - басқа адамдарға қатысты өз іс-әрекеттерін бағалау қабілетін дамыту;
- өз денсаулығына және басқа адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- ерте жыныстық қатынастардың зияны және басқа жыныс өкілдерімен қарым-қатынаста жауапсыздық пен жеңілдікке жол бермеу туралы сенімді қалыптастыру;
- "ересек" ұғымының мәнін түсіндіру.
Абай Құнанбаев атындағы № 5 мектеп-гимназиясының базасында аудандық білім бөлімі аудан мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында "Жасөспірімдердің репродуктивті мінез-құлқы әрекетінің және мәдени дамудың қазіргі заманғы үрдістері аясында балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу қажеттілігі" тақырыбында аудандық семинар өткізді.
Семинарға "№ 14 мектеп-лицейі" КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Ф.Короткова, Топар кентінің ОАА КМК балалар қызметі басшысы З.С.Идрисова, Абай ауданы ПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры О.В.Калташева, мектептердің психологиялық қызметінің өкілдері шақырылды және белсенді қатысты.
Акцияны өткізу үшін барлық мүдделі органдармен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.