Ағымдағы жылдың жиырма үшінші сәуір күні Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында Абай атындағы мектептер альянсының жұмыс жоспарына сәйкес «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті

Ағымдағы жылдың жиырма үшінші сәуір күні Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында Абай атындағы мектептер альянсының жұмыс жоспарына сәйкес «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» облыстық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті
 
Семинарға арнайы қонақ ретінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Көпбаева Гүлмира Сабитовна және облыстық Абай атындағы мектеп директорлары мен ұстаздары, ауданымыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері келіп қатысты.
Іс-шара мектеп ауласындағы Абайдың ескерткішіне гүл қойып, Абайдың рухына тағзым ету рәсімінен басталды. Жас қыран ұйымы Абайдың мұрасын ұрпаққа насихаттаса, мектебіміздің ұстазы Абдиқалықов Құзайра Абайға арнау өлеңін оқыды. Мектеп ауласындағы іс шара биылғы бітіруші түлектер, үздік аттестатқа үміткер оқушылардың «Абай аллеясын» ашуымен аяқталды.
Келген қонақтар 1 қабатта қойылған көрмені тамашалап, Абай әлеміне сапар шекті. Әрі қарай мектеп ұстаздарының сабақтар бөліміне қатысты. Абайтанудан концерт сабақ. Математика пәнінен Абайдың сандық мұрасына негізделген сабағы, бастауыш сыныптың «Ұлы даланың даналары және Абай» сабағы, қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кіріккен сабақтары ұйымдастырылды.
Мектеп фойесінде жанды дауыста хор, жас домбырашылардан құрылған оркестр Абайдың әндерін орындады. Драма үйірмесінің жетекшісі Жаркинбекова Т.К «Абайдың кемелденуі» театрландырылған монологын көрсетті.
Семинар соңында келген қонақтар кері байланыс беріп, семинардың жоғары деңгейде өткенің атап өтті.