Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы 2022 жылдың 10 қаңтар айында республикалық «Зерде» конкурсын келесі секция бойынша өткізді.
1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
3 секция - математика, информатика;
4 секция - физика, техника;
5 секция - медицина, психология;
6 секция – химия, биология;
7 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8 секция - экология, валеология;
9 секция - робототехника.
Конкурстың қорытындысы бойынша Абай аудандық білім беру ұйымдарының 2-7 сыныптар арасында ғылыми жобаларға 50-ден астам жұмыс жиналып, антиплагиаттан өтті.
Жеңімпаздар:
1. 2 сынып –Малышев Максим, Лутенков Артем «Абай қаласының бүгіні мен ертеңі»,№ 14 мектеп-лицейі КММ, жетекшісі: Морева И.А.-3 орын
2. 2 сынып- Кучеренко Варвара «Көбелектер және оның адам өміріндегі рөлі», Корниенко атындағы ҚББМО КММ, жетекшісі: Ярус Л.В.-2 орын
3. 5 сынып- Мәдениет Алтынай «Топар жалпы білім беретін мектебінің Тәуелсіздік жылдарындағы тарихы», Топар ЖББМ КММ, жетекшісі: Искакова Д.Ж.- 3 орын
4. 6 сынып- Серік Алтын «Кітап оқу және анализ жасау» жобасы. Абай атындағы ТМ (РО) КММ, жетекшісі: Адасбекова А.Ж.- 3 орын
5. 8 сынып- Минченко Анфиса «Антиаксиданттар және инбибиторлар жайлы барлық шындық», № 1 ҚББМО КММ, жетекшісі: Вишневская М.Ф.-2 орын
Құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!