Жаңа оқу жылы қарсаңында, 2021-2022 оқу жылына қойылған перспективалық міндеттерді, білім беру процесін сапалы жүргізудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ағымдағы жылдың 16-23 тамыз аралығында Абай ауданының білім бөлімі ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық отырыстарын өткізеді.

Аталған кеңестің тақырыптық алаңдарының жұмысына Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушылары белсенді қатысады.
Кеңесте жаңа оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланады.
Оқыту сапасы, ең алдымен, педагогтің кәсіби құзыреттілігіне байланысты екенін ескере отырып, мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, оқу процесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу және пікір алмасу кеңесті ұйымдастырудың мақсаты болып табылады.
Білім беру қызметкерлерінің форумы тақырыптық алаңдарда өткізіледі - "Білім берудегі менеджменттің өзекті мәселелері", "Филологиялық пәндерді дамытудың мәселелері мен перспективалары", "Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқытудың проблемалары мен шешу жолдары", "Қоғамдық пәндерді оқытудың ерекшеліктері", "Қазіргі мектептегі мұғалімнің кәсіби дағдылары", "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесінің ерекшеліктері", "Бастауыш білім беру кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер", "Арнайы және инклюзивті білім беру ерекшеліктері", "Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуды әлеуметтік-педагогикалық оңалту тетігі", "Қосымша білім берудің өзекті мәселелері"