«Оқу жылының қорытындысы туралы» мектепішілік ата-аналар жиналысы 1-11 сыныптар арасында өткізіледі. Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету.
Күн тәртібінде:
1. 2020-2021 оқу жылындағы жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру.
2. Оқушылардың 2020-2021 оқу жылындағы жетістіктері.
3. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі.
4.Келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері.
Ата-аналар жиналысы қашықтықтан WhatsApp платформасында өткізілді, ата-аналар күн тәртібіндегі мәселермен танысып, қойған сұрақтарына жауап алды.