Жазғы демалыс кезінде балаларды жұмыспен қамтуды және оқытуды ұйымдастыру ісі аясында "Мичурин негізгі орта мектебі" КММ шығармашылық шеберханасы жұмыс істейді.

Жазғы демалыс кезінде балаларды жұмыспен қамтуды және оқытуды ұйымдастыру ісі аясында "Мичурин негізгі орта мектебі" КММ шығармашылық шеберханасы жұмыс істейді.

Осы аптаның тақырыбы "Құрғақ басу. Ойыншық жасау". Құрғақ киіз басу көлемді бұйымдарды — ойыншықтарды, бижутерияларды, фигураларды, авторлық қуыршақтарды жасау, сондай-ақ киізге, фетрге және алдын ала дайындалған бұйымдарға суреттер мен өрнектер салу үшін қолданылады. Сабақ барысында оқушылар құрғақ киіз басу техникасымен танысып қана қоймай, өздерінің бірегей ойыншықтарын да жасады!