
Қаралған негізгі мәселелер: бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдауды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Білімал АБЖ және ҰБДҚ толтыруды белсендіру, Соңғы қоңырау мен Мектеп бітіру кештерін өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелер. Кеңес шеңберінде жазғы мектептер мен жазғы сауықтыру демалысының жұмысын, жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша мектеп директорларының есептері тыңдалды. Білім беру ұйымдарының басшыларына ақша жинауға тыйым салынатыны туралы қатаң ескертілді.