с-шараға ауданның 66 педагогы қатысты. Форум барысында педагогтар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіндегі жаңа тәсілдермен танысты, онлайн-тренингке қатысты, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудағы проблемалар туралы пікірлерімен бөлісті. Форум қатысушылары өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, осындай іс-шараларды өткізу біздің ауданда жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.