Бүгінгі күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, қайталанбайтын күн. Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Сіздер осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттап, бүгінгі күні таудай болып үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар. Сіздердің алдағы өмірлеріңіз жарқын болашақ пен кемел келешектің айдынындағы жарқын сәттерге толы болатынана сеніміміз мол.
Құрметті ұстаздар! Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Құрметті ата-аналар! балаларыңыздың қимас бір мекеніне айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мекенінен ұшқалы тұрған қимас сәттерге толы меркелеріңіз құтты болсын. Осындай өренді ұрпақ тәрбиелегендеріңізге мың алғыс.
Мектеп бітірушілерге мемлекеттік емтихандарды және ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыруда сәттілік тілеймін.