
Қаралған негізгі мәселелер - білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, жазғы мектептер мен жазғы каникул кезеңінде балалардың жұмыспен қамтылуы мен бос уақытының, сауықтыру демалысының жұмысын ұйымдастыру және білім беру объектілерінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін жағдай жасау. Сондай–ақ, білім беру қызметкерлерін вакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кеңес қорытындысы бойынша нақты міндеттер мен оларды орындау мерзімдері қойылды.