"Рухани жаңғыру" бағдарламасын және Халықаралық Отбасы күнін іске асыру аясында мектебіміздің 4-7 сыныптарының 12 оқушысы "Бастауға апарар жол" ашық аймақтық қашықтық конкурсына қатысты.
Бұл байқауға қатысу ұлттық рухани құндылықтарға шынайы қызығушылық тудырды, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және дамытуға, отбасылық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.
Нәтижесінде біздің мектептің бес оқушысы жүлдегер атанды. "Отбасының адам өміріндегі рөлі" номинациясы бойынша (эссе) II Дипломмен 4А сынып оқушысы Шурен Аиша, 4А сынып оқушысы Иванова Элина, 5Б сынып оқушысы Губайдуллин Рафаэль, 6Б сынып оқушысы Салахутдинов Роман марапатталды. III дәрежелі дипломмен 7А сынып оқушысы Айткалиев Арман марапатталды.
Салахутдинов Роман екі номинацияға қатысты. Оның "Менің отбасымның тарихы" атты зерттеу жобасы да II дәрежелі дипломға ие болды.
"Бастауға апарар жол" облыстық байқауының жүлдегерлерін дайындаған жетекшілерге алғысымызды білдіреміз: Нургалиева А.М., Ким Е.Ю., Крючкова К.А., Содыль В.В., Медведева С.М.