Абай ауданының мектептерінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.

Абай ауданының мектептерінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.
 
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген, достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулықтың орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат- мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт- дәстүріне, ұлттық құндылықтарына зор құрметпен қарайды. Қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды. Абай ауданы білім беру ұйымдарында мереке аясында " Ынтымағы жарасқан -Қазақстан" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Әр ұлт өкілдері Қазақстан туралы, бірлік пен татулық белгісін көрсетті.