Атаулы мереке — Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ-берекені насихаттайтын ерекше мейрам.
Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын және оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Ынтымақ , бірлік жарасқан Мәңгілік ел Қазақстан!» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не? Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!