Бұл мереке Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітіліп, 1996 жылдан бастап 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі Күні болып аталып, осы күнге дейін тойланып келеді. Мектептің педұжымы интернационалдық тәрбиеге, әлемге толеранттық қатынасты қалыптастыруға, әсіресе – Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлеріне және әдет-ғұрпыларына толеранттылықты қалыптастыруға үлкен көңіл бөледі.