Құрметті білім беру ұйымының қызметкерлері, аяулы әжелер, асыл аналар, көктемдей құлпырған қыз-келіншектер!

Құрметті білім беру ұйымының қызметкерлері, аяулы әжелер, асыл аналар, көктемдей құлпырған қыз-келіншектер!
    Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұңған, арқаның ажарындай нұрлы да келбетті аналарымызды, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің шұғылалы мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
     Тәуелсіз, егемен еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып жүрген асыл аналарымыз, ардақты апа-әпке, сіңлілеріміздің еңбегі өлшеусіз екені мәлім.
    Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын сеуіп, әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайсыздар. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарытуда. Сіздерге жас буынды тәрбиелеп, оларды қиындыққа мойымайтын, рухани тұрғыдан мықты азамат етіп шығару міндеті жүктелді.
    Осы тамаша мереке қарсаңында еңбектегі шығармашылық табыстарыңыз үшін ризашылығымызды білдіре отырып, мықты денсаулық, мол табыс, ізденімпаз шәкірт, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Мерекелеріңізбен!
Б.Көрпешова
Абай аудандық білім бөлімінің басшысы
Л.Пфайфер
Абай аудандық білім ұйымдары
қызметкерлері кәсіподағының төрайымы