Ақпараттық анықтама
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Солнышко» бөбекжай» КМҚК
Кәсіпорынның атауы:
мемлекеттік (қазақ) тілде: Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Солнышко» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
орыс тілінде: Коммунальное государственное казённое предприятие «Ясли-сад «Солнышко» отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области.
Директоры: Цай Айгүл Анатольевна.
Ғимараттың салынған жылы - 1964 жыл.
Алып жатқан жер аумағы - 1828,8 ш. м.
Бөбекжайда 6 топ жұмыс істейді, оның ішінде: 1 – мемлекеттік тілде оқыту және тәрбиелеу тобы; 5-орыс тілінде оқыту және тәрбиелеу тобы. Онда 147 бала тәрбиеленуде.
Барлығы 41 адам жұмыс істейді, оның ішінде педагогтар - 18. Жоғары білімді – 12 педагог, арнаулы орта білімді – 6 педагог. Жоғары біліктілік санатты - 4 педагог, бірінші санатты - 4, екінші санатты – 2, санатсыз – 8 педагог. Бір педагогтың магистр дәрежесі бар. Бөбекжайда қазақ және орыс тілдері оқытылады.
Қызмет бағыты: Азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді және Қазақстанның өткеніне, бүгіні мен болашағына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру арқылы, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен фольклор негізінде тәрбиеленушілердің сөйлеу мәдениетін дамыту.
Балабақша облыстық 2 жобаға қатысуда:
1.«Әжемнің ертегісі»;
2.«Алғашқы ұстаз – ата-ана».
Балабақшада музыкалық зал, спортзал, медициналық кабинет, қазақ тілі, психолог, логопедтің кабинеттері, бейнелеу студиясы бар.