Меню

Страницы

Статья

«Бөбек» арнайы балабақшасы» КММ

Қарағанды облысының басқармасының

 Абай ауданы білім бөлімінің

 «Бөбек» арнайы балабақшасы» КММ

ақпараттық анықтамасы

 

Балабақшадағы директордың  м.а:   Петрова Светлана Ивановна

Ғимараттың салынған жылы – 1991 жыл.

Ғимараттың алаңы – 2900 кв.м.

        Балабақшада 2020-2021 оқу жылында 164 тәрбиеленуші білім алуда.

Қазіргі уақытта 10 топ жұмыс істейді, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде.

  • Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 7 топ;
  • Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 топ;
  • Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 2 топ.

         «Бөбек» арнайы балабақшасы» КММ-де 33 педагог жұмыс жасайды, оның ішінде «педагог – зерттеуші» -2 педагог, «педагог – сарапшы» - 1 педагог, «педагог – модератор» – 1 педагог, жоғары біліктілік санаты бар педагог – 17, бірінші санаты бар педагог – 2, екінші санаты бар педагог – 4, санаты жоқ педагог-6 педагог.

         Балабақша 4 инновациялық жобаға қатысады:

1)  «Бірге оқимыз» облыстық жоба;

2) «Алғашқы ұстаз - ата-ана» облыстық жоба;

3) «Әжемнің ертегісі» облыстық жоба;

4) «Білімал облыстық жоба. Педагог қызметкерлердің электрондық аттестациясы».

2014 жылдан бастап балабақша Абай ауданы бойынша  «Жас ата-аналар мектебі» облыстық жобасы аясында базалық балабақшаға айналды.

2016-2019 оқу жылдары балабақша «Инклюзивті балабақша-инклюзивті мектеп-инклюзивті колледж» республикалық пилоттық жобасын іске асыру бойынша пилоттық алаңы болды.

Балабақшада қазақ тілі кабинеті, психолог кабинеті, музыка және спорт залдары, ортоптист кабинеті, бассейн бар.

Балабақша бір нүкте өткізу құралдары бойынша кеңжолақты интернетке қосылған. Қосылым жылдамдығы 6 Мбит/сек дейін.

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
25 декабря 2023
Дарынды оқушымен жұмыс
25 января 2023
2023 жылғы 20 қаңтарда республикалық жасөспірімдер олимпиадасы ның  аудандық кезеңі Абай ауданында өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы