КМҚК «Ақерке» бөбекжай» туралы ақпарат
КМҚК «Ақерке» бөбекжайы» Топар кентінде 2008 жылы ашылған.
Ғимараттың салынған жылы – 1981 жыл
Жоба қуаттылығы – 125 бала.
Аумақ көлемі – 1129,1 кв.м.
Директоры: Назирова Айзат Абеугалиевна
Бөбекжайдағы 5 топ жұмыс жасайды. 5 топта мемлекеттік тілде 2 - 6 жас аралығындағы 104 бала оқып, тәрбиеленуде. Оның шінде қазақ балаларынан бөлек, өзге ұлт өкілдерінің балалары да тәрбиеленуде.
Бөбекжайда 33 адам жұмыс істейді, олардың 14-і педагогтар. Оның ішінде 10- педагог жоғары білімді, 4 педагог арнаулы орта білімді. Жоғары санатты – 2 педагог, бірінші санатты - 3 педагог, екінші санатты – 5 педагог. 1 педагог- «Педагог - сарапшы, 1 педагог – «Педагог – зерттеуші».
Бөбекжай облыстық «Сырттай балабақша» жобасына қатысады.
Бөбекжай оқу-тәрбие үрдісінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда этнопедагогикалық әдістерді қолдану бағыты бойынша жұмыс жасайды.
Бөбекжай жұмысының ерекшеліктері:
«Ұлттық қазына» жобасының жүргізілуі, онда ашылған мұражайдың ұлттық тәрбие және балаларға патриоттық тәрбие беру орталығы мақсатында қолданылуы.
Материалдық - техникалық қоры:
Бөбекжайда музыка залы, әдістемеліккабинет, медициналық кабинет, психолог кабинеті, мұражай, асхана, ас үй бөлмелері бар. Әр топ қабылдау, ойын және ұйықтайтын бөлмелерден тұрады. Баланың үйлесіммен дамуы үшін топ бөлмелері балалардың жасы мен даму ерекшеліктеріне қарай безендірілген. Әр ойын бөлмесіндегі алаңдар үнемі көрнекі құралдармен толықтырылып отырады. Бөбекжайдағы барлық кабинеттер, топ бөлмелері мемлекеттік тілде заман талабына сәйкес жабдықталып, эстетикалық талғамға сай, безендірілген.