Қарағанды облысы білім басқармасы Абай ауданының білім бөлімінің
«№ 1 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ
ақпараттық анықтамасы
Мектеп директоры: Юсупова Бижамал Туяковна
Байланыс телефоны: 8-72131-4-2526
Мекен-жайы: 100101, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай ауданы, Гагарин көшесі, 1 құрылыс
Электрондық поштасы: abschool1@mail.ru
Ғимараттың салынған жылы – 1963 жыл.
Алып жатқан көлемі – 3910,8 шаршы метр.
2020-2021 оқу жылында мектепте 718 оқушы білім алуда. Оқыту қазақ тілінде – 385, орыс тілінде оқыту – 333. Барлық сыныптар саны – 35, мектепалды - 1, оқыту қазақ тілінде – 17 сынып, оқыту орыс тілінде – 17 сынып.
Мектепте 67 педагог жұмыс жасауда, оның ішінде 4 магистр дәрежесінде, «педагог-шебер»-1, «педагог-зерттеуші» - 11 педагог, «педагог-сарапшы» - 12 педагог, «педагог – модератор» -13, жоғары біліктілік санаты бар мұғалімдер -2, бірінші санатпен – 1, екінші санатпен – 13.
Мектеп келесі инновациялық жобаларға қатысады:
1) Қарағанды облысында үштілді білім беруді енгізу және іске асыру жоспары аясында үштілді білім беруді енгізу;
2) Облыстық әлеуметтік-педагогикалық «Зейін " жобасы;
3) Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы;
4) Облыстық ««Бірге оқимыз» жобасы;
5) Облыстық «Бір отбасы – бір кітап» жобасы;
6) Облыстық «Робототехника» жобасы;
7) Облыстық "Білімал. Педагог қызметкерлерді электрондық аттестаттау» жобасы;
8) Облыстық «Туған өлке саңлақтары» жобасы
9) Облыстық «Мектеп қауіпсіздігі командасы " жобасы
10) Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы
11) Мектепшілік «Край, в котором я расту» жобасы
12) Мектепшілік «Чтение в радость» жобасы
Мектепте қосымша білім беру "3D-графика және 3D-модельдеу", "Робототехника" үйірмелері бар.
Мектеп инклюзивті білім беруді дамыту бойынша стажерлік алаңы болып табылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі келесі құрамда жұмыс атқарады: психолог, логопед, дефектолог.
Мектепте жаңа модификациялы пәндік кабинеттері бар: биология, физика, математика, химия, компьютерлік, мультимедиялық кабинеттер және қосымша білім беру кабинеттері "3D-графика және 3D-модельдеу", "Робототехника". Мектеп кең жолақты интернетке қосылған. Cheery NET қосылу жылдамдығы 50 Мбит/сек дейін.
Мектептің компьютерлік паркі 172 бірлікті құрайды. 1 компьютерге 4 оқушыдан келеді.
2020 жылы мектепте "Робототехника" зертханасы жабдықталды, жұмыс станциялары, "Лего" конструкторлары, оқу-әдістемелік материалдары сатып алынды.
2016 жылы қосымша білім беру кабинеттері ашылды, олар компьютерлермен, 3Д принтерімен, "Ардуино" микроконтроллері негізінде білім беру конструкторларымен, "Знаток" конструкторларымен, ноутбуктермен жабдықталған
2020 жылы 9 - сыныпты 44 оқушы аяқтады , 2 – үздік аттестат иегерлері, 19 – колледжге, 16-мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсті. 11 сыныпты 15 түлек бітірді. Жоғары оқу орындарына 10 түлек түсті, оның 8-і грантқа.
2018-2019 жылдары мектепке күрделі жөндеу жүргізілді.