Ақпараттық анықтама
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Қуаныш» мектеп-бөбекжай» кешені» КММ
Директор: Жумагулова Жанар Бекболатовна
Байланыс телефоны: 8-72131-4-5619
Мекен-жайы: 100110, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті, Киров көшесі, ғимарат № 20А
Электронды пошта: komplekskuanysch@mail.ru
Ғимараттың салынған жылы – 1968 жыл.
Жалпы ауданы – 930,5 м2.
Кешенде 2020-2021 оқу жылында 77 оқушы білім алады, 50 бала тәрбиеленеді. Оның ішінде 26 оқушы қазақ тілінде оқытатын сыныптарда, 51 оқушы орыс тілінде оқытатын сыныптарда, 25 бала қазақ тілінде оқытатын топта, 25 бала орыс тілінде оқытатын топта.
Кешенде 16 педагог жұмыс істейді, оның ішінде «педагог-сарапшы» - 3 педагог, «педагог – модератор» -2, жоғары біліктілік санатты педагог-2, бірінші біліктілік санатты педагог– 2, екінші біліктілік санатты педагог–2.
Мектеп 4 облыстық жобаға қатысады:
1) «Оқуға құштар мектеп» облыстық жобасы;
2) «Бірге оқимыз» облыстық жобасы;
3) «Зейін» облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобасы;
4) «Бір отбасы-бір кітап» облыстық жобасы.
Мектепте 5 мектепішілік жоба жүзеге асырылады:
1) Білім беру сапасын арттырудың шарты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру жобасы "Іс-әрекеттегі зерттеу: «Мектеп ішінде мұғалімдердің кәсіби даму жүйесін қалай тиімді ұйымдастыруға болады?»;
2) Оқуға деген ынтаны тәрбие арқылы дамыту, соның негізінде білім сапасын арттыру бойынша «OLJA» жобасы;
3) «Денсаулық бұлағы» жобасы. Кіші бағдарлама «Спорт және Мен»;
4) Оқу сауаттылығын қалыптастырудың «Кел балалар, оқылық» жобасы;
5) «Менің Елім»жобасы . Кіші бағдарламалар:
««Сары-Арқа» шаңырағы» мектеп қоғамдастығы,
«Атамекен» шаңырағы» мектеп қоғамдастығы.
Мектеп кең жолақты интернетке екі нүкте арқылы қосылған: талшықты-оптикалық кабель арқылы қосылу (қосылу жылдамдығы 10 Мбит/сек) және Радиомост арқылы (қосылу жылдамдығы 20 Мбит/сек).
Мектептің компьютерлік паркі 39 бірлікті құрайды. 1 компьютерге 2 оқушыдан келеді.