Тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы
ақпарат
1.2021жылы қаңтар айында қыс мезгіліндегі қауіпсіздік туралы айтылып, қысқы демалыс кезіндегі бекітілген жоспар бойынша өткізілген іс-шаралар ақпаратты әлеуметтік желіге салынып отырды.
2.Екінші тоқсан қортындысы және 3 тоқсанның басталуы бойынша әр сыныпта ата-аналар жиналысы өтті.
3.Оқу сауаттылық апталығы аясында «Біз бақытты ұрпақпыз»тақырыбында сынып ,челлендж өтті.
- Оқу сауаттылық апталығы аясында «Менің отбасым және кітап» тақырыбында фотоакция өтті.
- «Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы» тақырыбында 7-11 сыныптар аралығында Адалдық сағаты өтті.
- «Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығы аясында барлық сыныптарда «Біздің өміріміздегі математика » сынып сағаттары өтті.
- «Өнегелі өмір» жобасы аясында Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универститетінде математика ғылымдарының доктаранты, бірнеше оқулық авторы Дауыл Ұлан мырзамен сұхбат өтті.
8.Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына байланысты «Қазақстанның жаһандық бастамалары» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті.
- «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы аясында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті.
- Құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері » атты сынып сағаттары өтті.
11.Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Хан тәңірдің мұзбалығы» тақырыбында оқушылар арасында челлендж өтті.
- Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай бастауыш сыныптарының арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.
13.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» тақырыбында Адалдық сағаты өтті.
14.Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауған соғысы » тақырыбында сурет байқауы өтті.
- Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа үлгі» тақырыбы аясында спорттық жарыстар өтті.Оқушылар «Ауған соғысының жылдары» тақырыбында аудандық марафонға қатысты.
- «Өнегелі өмір» жобасы аясында Ауған соғысының ардагері Ахметов Қанат Рымбековичпен сұхбат өтілді.
- Құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Мамандардан сұраңыз» тақырыбында Кәмелетке толмағандар ісі-жөніндегі инспекторы Абдраимов Рустем Жанатұлы 10-11 сынып оқуышыларымен кездесу өткізді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Ыбырай- Алтынсарин- ұлы дала ағартушысы» тақырыбында Адалдық сағаты өтті.
- «Денің сау болса, бәрін аласың» дене шынықтыру апталығы аясында «Дені сау отбасы- дені сау балалар» спорттық- сауықтыру челленджі өтті.
- «Өнегелі өмір» жобасы аясында қазақ күресінен аға жаттықтырушы, спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші Иса Орал Сағынайұлымен сұхбат өтті.
- «Бақыт – отбасынан басталады» тақырыбында видео- марафон өтті.
- Алғыс айту күніне орай сынып сағаттары өтті.Сынып оқушылары видеоқұттықтау, оқушылар тақпақтар жолдады.
23.1 наурыз Азаматтық қорғаныс күніне 2-10 наурыз аралығында бекітілген жоспарға сай әр түрлі іс-шаралар өтті.Атап айтсақ: 9-11 сыныптар арасында әскери- спорттық эстафета,8-11 сыныптар арасында «Алғашқы медициналық тақырыбында» көмек көрсету жайлы лекциялар, сынып сағаттары, суреттер көрмесі, баяндама өтті.
24.8- наурыз мерекесіне арнап «Асыл әжем» тақырыбында фотокөрме, «Анашым» тақырыбында көрме, «Менің сүйікті анам» тақырыбында видеоқұттықтаулар өтті.
- «Өнегелі өмір» жобасы аясында әнші, гитарист Сейіл Аяғанмен сұхбат өтті.