«Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ата-ананың ықпалы»

     Әр адам жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшел — оның өзіне тән мінез құлқындағы,іс-әрекетіндегі,көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
         «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт
         Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
         Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас»  дегендей жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Жеке адамның әсіресе баланың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. «Ата – ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы.» деген екен Антон Макаренко.Сондықтан баланы тәрбиелеу отбасынан басталып. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауы. Әрбір тұлға оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
   Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады.  Жеке тұлғаның ерекшелігін талдау, саралай келе баланы жеке тұлға ретінде дамытуға тікелей әсер ететін ата-ана роліне тоқталсам деймін.Ең біріншіден баламен жұмыс жасауда ата-ананың бойында   төмендегі негізгі  қасиеттер болуы тиіс:
– жоғары адамгершілік және қайырымдылық;– ықылас;– қамқорлық,                                        –түсінушілік;– елгезектік;– коммуникативтілік;– тілектестік;– жауапкершілік;           – ашықтық;– ізгілік;– адалдық;– байыптылық,  -ұстамдылық;– әділдік; –мақсаттылық.                                                                                                             

      


 Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты- балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт  деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты -тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні -өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол -бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер-жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды, білімді, Отанының сүйікті және кішіпейіл азматы болып жетілуін қадағалайды. Сондықтан да олар өз балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

                    Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді.

             Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса.перзенттері де      

             әдепті,тәрбиелі болып өседі.

             Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған.Ендеше   

             ата-аналар ұл мен қыз тәрбиесін дұрыс беріп.оған өздері үлгі бола білсе,баланың     

             санасында ол мәңгі мөрленіп қалады да,бүкіл өміріне азық болатыны сөзсіз.

             Қазіргі заман мектебі ата-аналарды да, балаларды да тәрбиелейтін, оларды өз       

             тәрбие ықпалының объектісіне айналдыратын жетекшінің қызметінен бас тартуда.   

             Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен   

             мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен   

             адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ   

             қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Ата-ана балаға сөзден гөрі іс,    

             күнделікті жақсы әдет-ғұрып өнегесі күшті әсер ететінін ескеру керек. Айтқан   

             ақылыңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз, әдет-қылығыңыз керісінше    

             болып жатса, жалаң ақылдан еш нәрсе шықпайды.

 

                         

             Бала тәрбиесінді ұлттық психология тәлімдерін ұстансақ тіпті дұрыс болар еді.   

                 Қазақы тәрбиеден артығы жоқ. Қазіргі баланың психикасы өзгеріп кеткендігі        

            туралы көп айтылады. Бұл енді жасөспірімдердің арасында болмай қоймайтын       

            ауытқулар екендігі дауыссыз. Баланың психикасына ата-баба қастерлейтін   

            имандылықты сіңірудің жағымды жақтары мол. Қазақ халқының қанына біткен   

            әдет-ғұрып, салт- дәстүрдің талайы баланы адамгершілікке баулуға септігін тигізеді.   

            Бір жағынан жазылмаған заң сияқты көрінгенімен, бұлардың жас ұрпақты  

            тәрбиелеуге берері мол. Мәселен, қазақ халқының нақыл сөздерін алайықшы.    

            Бұлардың қай-қайсын да баланың санасына сіңіре алсақ, қайтарамы мол болар еді.   

            Өкініштісі, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуге жете көңіл бөлінбей келеді.

            Ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының   

            жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.   

            Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз  

            баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де   

            жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ»   

            дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің

            қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой  

            бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді

            айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға

            теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік

            танытқаны жөн.

  Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны   

  ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.

 

                                  

 

          «Алмақтың да салмағы бар» дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзін дүниеге әкелген   

           ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға, рухани   

          жағынан үлес қосқан ғылым, көркем-өнер иелеріне қарыздар. Оның өтеуі азаматтың  

          жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл, мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден  

          өзіне лайықты орын тауып, Отан-ананың тілегін арттыруға үлес қосуы деп

          түсінгеніміз жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында

          жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс   

          білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде   

          ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - 

          әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.


         

 

 

Дата публикации
15 апреля 2024