Аттестаттау және біліктілік санаттарын
беру рәсімін өткізу, 2021 жылы білім
беру ұйымдары педагогтерінің ұлттық
біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және
өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 18 мамырда жарияланып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142796 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) БҰЙЫРАМЫН:
1) Біліктілік тестілеуін өткізу бойынша нұсқаулық пен тест тапсырмаларының базасын дайындасын;
2) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларын онлайн-режимде өтініштер қабылдаумен байланысты педагогтерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін презентациямен және нұсқаулықпен қамтамасыз етсін;
3) педагогтердің өтініштерін тіркеу үшін 2021 жылғы 25 қаңтарға, 19 тамызға дейін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;
4) өтініштерді 2021 жылғы 28 қаңтардан, 23 тамыздан бастап онлайн-режимде қабылдауды ұйымдастырсын;
5) өтініштерді қабылдау барысы туралы күнделікті статистиканы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетіне (бұдан әрі – МДОБК) ұсынсын;
6) Біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және сүйемелдеу үшін6 сондай-ақ пелляциялық рәсімдерді жүргізу, нәтижелерді өңдеу және беру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін;
7) 2021 жылғы 29 қаңтарға, 20 тамызға дейінгі мерзімде Біліктілік тестілеуін өткізу кестесін жасасын және МДОБК-ге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментіне (бұдан әрі – ТКБД) ұсынсын;
8) Біліктілік тестілеуі процесін бақылауды жүзеге асыру және шешімдерді жедел қабылдау мақсатында ұйымдастырылған Ұлттық тестілеу орталығы жанындағы Ахуалдық орталықтың жұмысын қамтамасыз етсін;
9) Біліктілік тестілеуі аяқталғаннан кейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) Біліктілік тестілеуі нәтижелері бойынша қорытынды есеп пен статистикалық деректерді (апелляцияны ескере отырып) МОБК, ТКБД, ЖЖБД-ге ұсынсын;
10) Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде қағидаларды бұзғаны үшін педагогтермен олардың дербес жауапкершілігіне қатысты келісім дайындап, жасауды қамтамасыз етсін;
11) Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын 2021 жылғы 1 наурыз бен 30 сәуір, 1 қазан мен 30 қараша аралығында ұйымдастырсын;
12) тестілеу аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініштерді қарау және шешім қабылдау үшін қабылдауды ұйымдастыру;
13) Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін (10 жұмыс күнінен кешіктірмей) Республикалық апелляциялық комиссияның жұмыс қорытындыларын МДОБК-ге, ТКБД-не ұсынсын.
1) білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз етудің аумақтық департаменттері өкілдерінің кезекшілік кестесін жасасын;
2) педагогтердің Біліктілік тестілеуін тапсыру және іске қосу кезінде білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етсін;
3) Қағиданың 16, 17, 19-тармақтарын орындауын қамтамасыз етсін;
4) бейнебақылау камералары істен шыққан жағдайда тестіленуші педагогтердің аудиториясына қолжетімділігі болсын.
1) облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерден тестілеуге рұқсат алуға көмектессін;
2) білім беру ұйымдары педагогтерінің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін 2021 жылғы 5 мамыр мен 25 маусым, 5 қараша мен 25 желтоқсан аралығында аттестаттаудың екінші кезеңі шеңберінде біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін жүргізу жөніндегі аттестаттау комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін;
3) Аттестациялық комиссиясының жұмысы қатаң бақылауға алынсын;
4) педагогтермен Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде ережелерді бұзғаны үшін олардың дербес жауапкершілігіне қатысты Келісім жасасу туралы педагогтер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін;
1) Біліктілік тестілеуін өткізу процесінің бейнежазбасына Ұлттық тестілеу орталығының қолжетімділігін қамтамасыз етсін;
2) Біліктілік тестілеуін өткізу үшін мынадай шарттар мен шараларды:
Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде пайдаланылатын өңірлік тестілеу орталықтарының ғимараттарының санитарлық-гигиеналық нормаларына сәйкестігін;
өңірлерде орналасқан тестілеу өткізу пункттерінде педагогтердің өмірі мен денсаулығын сақтау шарттарын;
Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде педагогтер арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз етсін;
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) сәйкес ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беру, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алу құрылғыларын пайдалануды ұйымдастырсын;
әрбір қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатсын;
ылғалды тазалауды үнемі жүргізсін;
кварцтау, аудиторияларды желдету режимін, санитарлық-дезинфекциялау режимін қатаң сақтасын;
тестіленушілерді 3 дана А4 форматындағы қағазбен қамтамасыз етсін;
тестілеу кезінде құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп тестілеу басталғанға дейін ғимараттың терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді ұйымдастырсын;
тестілеу өткізілетін аудиторияларды мобильді және стационарлық интернетпен, түрлі үлгідегі және әсер ету радиусы бар спутниктік сигнал беретін құрылғылармен қамтамасыз етсін;
тестілеу кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырсын.
Министр А. Аймағамбетов
Результаты согласования
27.01.2021 10:56:15: Амиржанова Б. У. (Управление развития государственного языка) - - cогласовано без замечаний
27.01.2021 11:11:26: Мелдебекова М. Т. (Комитет дошкольного и среднего образования) - - cогласовано без замечаний
27.01.2021 11:15:20: Дюсембаева А. Т. (Управление по работе с педагогическими кадрами) - - cогласовано без замечаний
28.01.2021 11:38:35: Давлет Т. В. (Юридический Департамент) - - cогласовано без замечаний
28.01.2021 19:01:15: Каринова Ш. Т. (Руководство) - - cогласовано без замечаний